- Қазақ тiлi
- 1. «Мына жақта Үргеніш,
1. «Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың Қыпшақ деген руға жақынырақ екен»...
Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің қай бөлігі екенін
анықтаңыз.
A. Қабырға жеріне қорған салуы.
B. Қорғандағы жәрмеңке базар.
C. Қабырға өзенінің бойын таңдауы.
D. Өзен бойына егін салуы.
E. Өзеннен егінге арық қазуы.
2. «Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің.» Берілген үзіндідегі асты
сызылған сөз тіркесі қандай ұғымды білдіретінін анықтаңыз.
А артта қалмау
В. баяу жүрмеу
С. ешқайда бармау
D. ешкімге жеткізбеу
Е. Барлығы дұрыс
3. «Атымтай Жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне
ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен»...
Ыбырай Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесінің қай бөлігі екенін
анықтаңыз.
A. Жомартқа жақындарының қойған сұрағы.
B. Жомарт жұртқа үлгі болуы.
C. Кем-кетікке жәрдемдесуі.
D. Атымтай Жомарттың
отынға баруы.
E. Атымтай Жомарттың өнеге көрсетуі.
4. «...күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем
де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi,
сiңiмдiлiгi болады екен».
Ыбырай Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесінің қай бөлігі екенін
анықтаңыз.
A. Жомартқа жақындарының қойған сұрағы.
B. Жомарт жұртқа үлгі болуы.
C. Еңбекпен тапқан нан.
D. Атымтай Жомарттың отынға баруы.
E. Атымтай Жомарттың өнеге көрсетуі.
5. «Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?» деген жолдардағы асты сызылған сөздер қандай
көркемдегіш құрал екенін анықтаңыз.
А. кейіптеу
В. метафора
С. теңеу
D. эпитет
Е. Риторикалық сұрау
6. "Қыпшақ Сейітқұл" әңгімесінен алынған үзіндіге қажетті жер-су
атауларын тап:
"Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп,
ақырында төресіндегі деген өзеннің бойына тоқтады".
А.Үргеніш, Қоқан
В. Бұқара, Қоқан
С. Қабырға, Түркістан
Д.Қоңырат, Түркістан
Е. Торғай, Қабырға
7. "Қыпшақ Сейітқұл" әңгімесіндегі Сейітқұл мен ағасын салыстыра
суреттеңіз. Кейіпкерлер іс-әрекеті мен мінезіне қатысты өз
тұжырымыңызды жазыңыз. (2-3 сөйлем)
9. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде Сейітқұл еңбекқорлығымен,
ақылдылығымен, елге деген қамқорлығы, жанашырлығымен көзге түседі. Осы
кейіпкердің бойындағы адамгершілік құндылықтарды талдап, эссе жұмысын
орындаңыз. Эссе құрылымын, жазылу ерекшелігін ескеріңіз. (80-100 сөз)
Кароче вы должный выполнять эту 7 Упр на фоте