1. Мемлекеттің қолдауымен ашылған порталдарға «kaztube.kz», «bnews.kz» сайттарын жатқызамыз. 2. Жекелеген адамдардың кү-
шімен «arkamedia.kz», «tarlan.kz» және т.б.
және т.б. сапалы қазақша ға-
ламтор ресурстары да пайда болғаны аян («Ана тілі» газетінен).
3. Тілші ғалымдардың есебінше, дүниежүзінде 6 000-ға жуық тіл бар
екен. 4. Бұл дерек XX ғасырдың екінші жартысында жарияланған,
сол кездің өзінде «жыл сайын жүздеген тілдер өліп жатыр» деп да-
был қағылды («Түркістан» газетінен). 5. «Instagram» желісінде жар-
нама берушілер саны 500 мыңға жетті деп хабарлайды Fortune порта-
лы. 6. Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық
үйлестіру-әдістемелік орталығы қазіргі кезде «Tilalemi.kz» порталын,
ономастикалық базаға құрылған «Atau.kz», орфографиялық базаға
негізделген «Emle.kz» және терминологиялық «Termincom.kz» сайтын
бүгін таныстырғалы отыр. 7. Мұндағы негізгі мақсат – 2011-2020 жыл-
дарға арналған тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орын-
дау, сонымен бірге мейлінше көпшілік бұқараға еліміздегі тілдік ахуал-
ды, жинақталған тілдік қорды насихаттау, әдістеме саласын жетілдіру.
Дұрыс бұл.......?....