1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне орай «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.
Оған облыстық «Атырау» газеті редакциясы
арқау болды. Елдің бүгіні мен келешегі,
ұрпақ тәрбиесіне қатысты өрбіген басқосуға
облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы
Исатай Балмағамбетов төрағалық етті. Пікір
алысуға облыстық архив басшысы, тарих
ғылымдарының докторы, профессор
Әбілсейіт Мұқтар; облыс әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің директоры Жаннат
Досқалиева; «Вайнах» шешен-ингуш
этномәдени бірлестігі төрағасы Зелимхан
Зубариев пен «Татулық» татар-башқұрт
этномәдени бірлестігі жетекшісі Гүлсина
Байкенова қатысты. Аталмыш басқосуда
ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелер
туралы ой бөлісті.
Мына үлгі бойынша жазыңыз.
1-мəтін 2-мәтін
Құрылымы:
Рәсімделуі:
Жанрлық ерекшелігі