1)Мәтіннің идеясын жазыңыз. Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қазақ қызы ізетті, ұялшақ болып келеді. Қыздың бойында үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне қояды. Қазақ халқы «Қыз баланың қадір-қасиеті мен қылығы – ұлттың ұлылығын танытады» - деп есептеген. Ізетті, сыпайы, мейірімді әрі өнерлі болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркіне жібермеген, «қызға қырық үйден тыю» деп, оның әр басқан қадамын бақылап отырған. Қызды жалғыз жібермеген, оның жанында жеңгесі қоса жүрген. Әсіресе қыз баланың көрікті, сымбатты болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп, қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», т.б.

fananenkova fananenkova    3   18.03.2021 06:06    0

Ответы
Torior Torior  17.04.2021 06:06

Мәтіннің идеясында қыздың қандай болуы керек екенін айтады. Бұрынғы қыз қандай? Әдемі білімді әдепті ұзын көйлек киген қыз. Ал қазіргі қыздар қандай ? ашық шашық, қысқа көйлектер киінген қыздар.

Объяснение:

во. что я знаю то и написала...☺️☺️

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi