№ 1. Мәтіннің бірінші бөлігін тыңдаңыз. Жаһандық мәселелер Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайды. Жаһандық мәселелерді бірнеше топтарға жіктеуге болады. Сұрақ: Сіздің ойыңызша, бұл мәселелерді қандай топтарға жіктеп, топтастыруға болады? Өз болжамыңызды жазыңыз. № 2. Мәтінді оқыңыз. Шешендік өнер туралыШешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет, дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады. Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Қазақтың шешендік сөз үлгілерін жинақтап, халықтың осы бір ерекше қасиетін байқаған, бағалаған белгілі ғалым В.В.Радлов: “…Қырғыздар (қазақтар) өз көршілестерінен ұтымды сөздің ұрымтал тұсын тауып қолдана білетін тапқырлығымен және керемет шешендігімен ерекшеленеді. Менің жинаған материалдарым қазақтардың ақылы, ой өрісі мен тілі жайында нақты түсініктер мен мағлұматтар береді деп ойлаймын” деп, ойын басқа түркі тілдес халықтармен салыстыра отырып қорытады. Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына. Мәтіннің негізгі ойын және көтерілген мәселені анықтаңыз . Ақпараттарға сүйеніп, өз ойыңызды қысқаша жазыңыз. Мәтіннің негізгі ойыКөтерілген мәселеМенің ойым№ 3. Берілген сөйлемнің тыныс белгісін қойып,шығармашылық жұмыс (өлең, хат, әңгіме, шығарма ) жазып ойды аяқтаңдар. Сендер не білесіңдер Сәлем сөздің анасы ғой Жолыққан кісіден он ауыз сөз естісең соның біреуі менің кәдеме жарап жатыр деп жауап берді.