1. Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз.  
А мәтіні
Ә мәтіні
Жол үстінде көлік доғармайды, жол үстіне қонбайды.
• Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.
• Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.
• Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды.
• Жұма күні көшуге болмайды. Жұма – қасиетті күн.
• Егер жолаушы жол бойында тұмсығы өзіне қарап жатқан аттың немесе түйенң басын кездестірсе, бұл жақсы ырым, ал керісінше болса, онда жолы болмайды.
• Жолаушының алдынан қара мысық кесіп өтсе, жолы болмайды. Егер ит кесіп өтсе, жолы болады.
• Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.
• Жолаушыға түзге отырған әйел кездессе, жолы болады.
• Сапарға шығып бара жатқанда артынан су шашу керек.
«Аспан қарлығаштары», стюардессалар – ең романтикалық мамандықтардың бірі. Жолсеріктің жұмысы біршама ауыр болғанымен, жалақы деңгейі жоғары. Жұмысқа қабылдайтын әр компания жолсеріктерге түрлі талап қояды, бірақ көбіне бұл қызметке 19-30 жас аралығындағы, бойы 160-180 см-ге дейінгі қыздарды алады. Сонымен қатар болашақ стюардессаның келбетті, сүйкімді, дене сымбаты 48-өлшемге дейін болуы шарт және сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс. Мамандығына аса назар аударылмайды. Есесіне бірнеше тіл, әсіресе ең негізгі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі маңызды. Оған қоса неміс, француз, түрік және т.б. тілдерді білгені дұрыс. Жолсеріктің денсаулығы мықты болуы қажет, жүзе білуі керек және әрдайым спортпен шұғылданып тұрғаны абзал. Созылмалы аурулары бар және көз көруі -2,5-тен төмен қыздар жұмысқа қабылданбайды. 2000 сағат ұшқан соң, стюардесса екінші дәрежелі куәлікке емтихан тапсыра алады, ал 3000 сағат ұшудан кейін, ол бірінші дәрежелі маман болады. Мансабының өсуімен жалақысы да өседі. Бұдан өзге барлық жолсерік біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырып тұрады.

люся4085 люся4085    2   05.09.2021 21:46    60

Ответы
nat17akan nat17akan  05.09.2021 22:00

Жанр стиль білу керек ко

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi