1. Мәтіндерді оқып, ой қорытындысын шығарыңдар.
|
Қайран, балалық-ай, десеңізші! Онда мен кіп-кішкентай сәби едiм. Ал
айнала таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да – бәрі-бәрі үлкен
болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ кілең мейірімді
жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қадір-қасиет көрініп
тұратын еді. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, қыз-келіншектердің
жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқаған
болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар
сияқты еді.
Ол
ол ма, анау асқар таулар, етектегі шексіз дала, көгілдір аспан, түнде
жымыңдаған жұлдыздар, толықсып туған ай, жасыл жайлау – бәрі-бәрі тек
маған ғана елжірей қарап, мені ғана аймалап, әлдилейтін сияқты еді. Дүние
сенің сәби көзіңмен көргендегідей өмір бойы қайырымды, аспаны күмбез, желі
жібек, әдемі ертек болып тұра берсе, кәне!
П
Тек оқта-текте ауылдың үстін, тау бөктерін тұнжыр бұлт торлайтын. Бұлт
сонда менің үндемес шаруақор әкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ере-
сек балаларына ақырып-зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса,
жас баланың көз жасындай, кімді аяйтынымды білмеймін, әлдекімге жаным
ашып, жылағым келе берер. Биелер шұрқырап, құлындар құтырып, ауылды
айнала шауып, еріксіз елеңдетеді. Ала құйындай далаға сен де жүгіре жөнелгің
келеді. Енді бірде аспанға аң-таң боп қарап қаласың. Буда-буда бұлттар жалы
желбіреп, шауып бара жатқан асау айғырлар сияқты. Кішкентай қолдарыңды
созып, сол керемет дүниеге ұшып барып, әлгі қанатты тұлпардың жалынан
сипалағың келеді. Баланың бақытты шағы сол кереметке сенгенінде шығар.
Кейін есейе келе әлгі бұлттың су екенін, күннің қызуымен бу болып ұшатынын
білу қандай қатал!
Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек а ға
әжелері не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келін-
дерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына
анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қор-
қамын.
(Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» )​

mrneneen mrneneen    3   26.11.2020 12:46    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi