1. Мәтіндерді оқыңыз. Тұйық етістік сөздерді табыңыздар. 1-мәтін
Нан
(әңгімеден үзінді)
…Олар сай қуалап,-арылмаған бидайдың ішіне енді. Бұқпантайлап жүріп, өнімді де тиімді шаруаға кірісті.
Әбден жетіліп, қауызынан дәні төгілген есіл бидай болымсыз желге судыр-судыр етеді. - Ой, апа! - деді
Қонысбай, белеңге шыға келген салт аттыны көріп. Ойпаңдау жерге екеуі де зым-зия бұға қалды. Аттың
дүбірі біртін-біртін бұларға жақындай берді, жақындай берді…
- Иә, балалар, жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?… Тұр орындарыңнані Екі дос ырсылдап,пысылдап,
күрсініп, аспай-саспай түрегелді. Жақсылық ағай екен! Протезін сықырлата, ердің үстінде қисайып отыр.
Сәл көңілсіздеу болғанымен, жүзі онша сұсты емес, сабырлы, инабатты. Бұл кісі биыл көктемде бір аяғын
беріп, кемтар боп майданнан оралған. Ат үстінде мықшиып отырған Жақсылық әрқилы ойда. Тесік тамақ
үшін күнге күйіп, сары адырда сандалы үрген мына шермік қарын жетімектерге қайтіп кемістік
білдірмек? Қайтіп қолы бармақ? Тәртіп бойынша бұларға өз сыбағаларын жақсылап тұрыпберу керек еді.
Бірақ… Қорықшы ағай ауыр күрсінді. - Шырақтарым,- деді ол байыппен, атының жалын сипап жатып,
бұл үкіметтің астығы. Майдандағы көкелеріңе нан керек. Ашық аспан астында олар Гитлер фашизмімен
соғысып жатыр. Кім үшін? Сендер үшін. Сендердің болашақ бақыттарың үшін!… Біз ауылдамыз. Быламық
ішсе, талқан жесе өлмейді… Масақ тергілерің келсе, комбайн жүріп өткен аңызаққа барыңдар, бәріңе де
жетеді… Екінші рет бүйтіп бейбастық жасамағайсыңдар!… Ол қойнынан бір нан алып балаларға берді.
Сөйтті де атын шоқырақтатып жәнеп қалды. Оның оң аяғындағы ағаш протезі салақтап бара жатты.