1) Мәтіндегі сөздердің орфографиялық қатесін анықтап, редакциялаңдар. Мәтінді абзацтарға бөліңдер. Кейін үш топ
мәтіндеріңді алмастырып, тексеріңдер. 2) Қалай ойлайсыңдар,
Шыңғысханның айтқан өсиеттерін Мәңгілік ел болу жолында
ұстануға бола ма? 3) Бату ханға атасы Шыңғысханның айтқан
өсиетін әр топ өз іштерінде талқылап, құптайтындарыңды не
құптамайтындарыңды дәлелдеңдер.
Үлгі: Біз ... деген пікірді құптаймыз. Себебі, біріншіден,
-
Бүркіт балапаны ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі, –
деді Бату әңгімесін алыстан бастап – мен әкем Жошыдан көрі
кішкентай кезімде атам Шыңғыс ғанның тәрбиесінде болдым.
Жетіге жеткенімде ерінің алдына отырғызып ап ол маған
монғол лашқарларының ғолынан қырылған жұрттұң майдан
даласын гөрсететін. Ал мен әрине монғол нояндарының қисық
қылыш қысқа шоқбарларына қызығатынмын. ерліктеріне
тәнті болатынмын «Өзім де осылардай батыр болсам игі еді»
деп құмартатынмын... Ал кейде ол маған ақыл-өсиет айтатын
Сол өсиеттері өмір деген қара түндө менің жолымды көрсететін
жарық жұлдызым Темір ғазығым болды... Сұрапыл
сапарларымда сол өсиеттерін жанымның азығы еттім. Бірде
ол маған – «Топ итті жолбарыс басқарса күндердің күнүндө
топ ит жолбарысқа айналады. Ал топ жолбарысты ит басқарса
ақырында әлгі топ жолбарыс ит боп кетеді», – деген.
Ал маған ерген шапқыншылар алты басты айдақар еді.
Оны басқару оңай емес-ті. Сондықтан мен үнөмү жолбарыс
болуға тырыстым. Менің соңымнан ерген ноян, бақадүр,
жауынгөрлөрім жолбарыс тәрізді қанды ауыз, ержүрөк,
өлермен болды...
– Тағы бірде бабамыз мынадай өсиет айтты, – деді Бату.
«Жауыңа қандай қатал болсаң, досыңа сондай мейірбанды
бол Өзіңе жақсылық істегенге жақсылық істе», – деді ол.