1.Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, ЭКСПО көрмесінің маңызын табады. 2 . Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырып, шағын мәтін «ЭКСПО көрмесі» туралы жазады.
ЭКСПО көрмесі – жаһандық ауқымдағы оқиға.Оның маңыздылығы жағынан ірі экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығы бойынша әлемдегі ірі танымал спорттық ойындармен салыстыруға болады. ЭКСПО көрмесі біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады, көрмені өткізу арқылы Қазақстан «Жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады.
Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсынатын бұл халықаралық көрмені өткізу идеясы неден туындады? Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмеген. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. ЭКСПО- ны өткізуден осындай мәселелер шешімін табуда. Шындығында еліміздің географиялықт орналасу жағдайын, жел мен күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай – ақ мұнай және газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін ескерсек, бұл қажеттіліктің орнын толтыруға тамаша мүмкіндік туады.Қазақстанның сағатына 1 трлн кв энергия өндіруге мүмкіндігі бар.
3. Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, жасалу жолдарындағы айырмашылықтарды кестеге түсіреді.
Құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлемге тән ерекшеліктер
Жай сөйлемнен айырмашылықтары