1. Мәтінді зейін қойып оқып, детальді ақпараттарды анықтап жаз.
Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні
Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев
Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі
Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған.
Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-
ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы
еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл
гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы
аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм
академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999
жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік
университетінің заңгер- құқықтанушы мамандығын бітірген.
Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса
бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО
халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының
күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің
иегері. Дәл сол жылы әлемнің ең үздік боксшысы деген атақ
Серік Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде
өткен XXII Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980),
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы.
Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген
қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл
гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен
айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті.
Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987
жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып,
коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой
бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық
спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм
және спорт академиясының профессоры. Серік
Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен
жазылған.
р/с Детальді ақпараттар

павловвввв павловвввв    1   19.02.2022 14:06    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi