1 . Мәтінді тыңдаңыз ( окыңыз ) . Мәтіндегі көркем бейнелеуіш , эмоционалды - экспрессивті сездерді тұрақты тіркестерді жазып алыңыз . Тазарғың келсе , театрға бар ! « Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды » деген Ғабит Мүсірепов . Кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті , салт - санасы мен тарихы , рухани дүние танымы екені даусыз . « Ел ішінде өнер бар , өнерді тапкан шебер бар » дейді дана халқымыз . Сол сан түрлі онердің ішінде театр өнері , театр мәдениетінің орны ерекше . Әрбір театрдың тарихи жағынан қалыптасып дамуы , болашаққа қадам басуы , өсіп - өркендеуі , әр халықтың өмір - тұрмысымен , салт - санасымен , тағылымды тарихымен және ішкі мәдениетімен тығыз байланысты Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады . Оған дәлел – 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен « Ойкудык » жайлауында қойылған « Еңлік - Кебек » пьесасы . Бұл пьеса қазақ еліндегі жаңа нердің , қазақ театрының тұсаукесері болды . Қазақ мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан зор екпінді күш болды . Театр өнері карыштап дами бастады , алға қадам басты . Ойқұдықта ойлы дүниемен бастау алған рухани сілкініс , өнердің өркендеуіне жұмыс жасады . Мухтар Омарханұлының бастауымен « Ес - Аймақ » театры 1920 жылдары қарқынды жұмыс атқарды . Рухани шолдеген жұртты өнермен сусындатты . Әйгілі Әміре Қашаубаев , Иса Байзақов , Жұмат Шанин , Галиақпар Төребаев , Қалибек Қуанышбаев сынды майталман өнер иелері топтасып , театр өнері биікке қанат қақты ,​

Кошка022 Кошка022    3   10.05.2020 18:17    37

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi