1. Мәтінді тыңдаңыз ( оқыңыз ) . Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз . 1 ) Акцияның мақсаты неде ? 2 ) Мұндай шараларды өткізудің кітапхана үшін тиімді жақтары бар ма ? 3 ) Кітап оқуға деген қызығушылықты қалай қалыптастыруға болады ? Мәтін ақпаратын негізге алыңыз . 4 ) Мәтін ақпараты Сізде қандай ой тудырды ? ) Кітапхана оқырмандарының санын көбейту үшін тағы не істеуге болады ? С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада « Кітапты сыйға тарту күні » акциясы өткізілді . Бұл акцияда әрбір оқырман өзінің оқылған кітабын әкеліп , оны басқа кітапқа айырбастап алып кетуіне болады Осы науқан күні кітапханаға 220 адам келді , қойылған кітаптар саны 650 дананы құрады , оның ішінде 550 дана кітап жаңа оқырмандарын тапты . Бұл іс - шарада кішкентай балаларды көру біз үшін үлкен қуаныш болды , балаларды оқуға тартатын ата - аналар құрмет пен мадақтамаларға әбден лайықты жандар Осының арқасында балалар өз кітап талғамдарын қалыптастыра алады . Оқырмандар бір - бірмен кітаптар жайлы талқыласып , бір - біріне сұрақтар қойды . Олар тек кітап әкеліп қана қоймай , өздеріне керекті кітаптарын тапқаны бізді қатты қуантты . Міне , бұл іс - шарамыздың басты мақсаты болып табылады . Кітапхананың кіре берісінде әр түрлі жастағы оқырмандарды Қызыл телпек , Мыстан кемпір , Пират пен Сыған , Көктем , және т.б көптеген ертегі кейіпкерлері қарсы алды . Кештің ашылуы « Буккроссинг » акциясымен басталды ( « Сізді шақырған кітаптарды іздеңіз » ) , ондағы әрбір кітап өз оқырмандарын тапты . Кітапхана фойесінде кеш қонақтары « Әдеби коктейль - бар » атты сайыста өз бақтарын сынады , дұрыс жауап берген қатысушыларға " Синьор Помидор " , " Фито - сусын " , " Лимонадный Джо " және т . б . коктейльдер ұсынылды . « Маша және Аю » атты фотостендте атақты мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде суретке түсті . Сонымен қатар , фойеде Балқаш сервис колледжі өздері жасаған кондитерлік өнімдерін сатуға қойды .
Объяснение:
мало так что не буду отвечать