1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында. Менің атым — Ажар. Мен күнде ерте тұрамын. Беті-қолымды, тістерімді жуамын. Таңғы асқа ботқа жеймін, шырын ішемін. Бұл – менің ағам. Оның аты – Айдар. Ол спортпен айналысады. Күнде таңертең жүгіреді жаттығу жасайды, аяқтарын шынықтырады. Мұның барлығын деніміз сау болу үшін жасаймыз. Біз өскенде мықты адам болғымыз келеді. Сол үшін дұрыс тамақтану керек. Үнемі спортпен айналысқан да дұрыс.