1.Мәтінді түсініп тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. (внимательно прочитай текст и ответь на вопросы по данному тексту) Ғалымдар АҚШ-тың Пенсильвания университетінің 200-ге жуық студентіне зерттеу жүргізген. Олар күніне 20 минуттан астам уақытын түрлі дене жаттығуларына арнаған. Ал сегіз күннен кейін қатысушылар өздерінің басынан өткеріп жүрген күйлерін жазып тапсырған. Нәтижесінде көбісі ұйқысыздықтан, әлсіздіктен құтылғанын мәлімдеген. Дене жаттығуларымен шұғылдануды қалай әдетке айналдыруға болады?

1. Дене жаттығуы кезінде киетін спорттық киімдеріңізді жатар алдында дайындап жатыңыз.

2. Барлығын аз жаттығудан бастаңыз. Тіпті, аптасына 3 рет 5 минуттан-ақ дене жаттығуларымен шұғылданып жүріңіз.

3. Отбасыңызбен табиғатқа шығудың, достарыңызбен белгілі бір спорт түрімен шұғылданудың, кейде бір ауық жүгіріп тұруды да әдетке айналдырғанның зияны жоқ.

4. Үйдегі қарапайым шаруаларды жаттығу жұмыстарымен үйлестіріңіз.

5. Жаттығу жұмыстарын жоспарлай біліңіз.

6. Өзіңізге ұнайтын жаттығуларды таңдап алғанның да маңызы жоғары. Иә, күнделікті өмірде спортты сүйетін жандар көп. Бәріміз білетіндей, «спорт – денсаулық кепілі». ( 123 сөз)

1.Мәтіндегі негізгі ойды белгіле (отметь главную мысль текста)

А.Ғалымдар зерттеу жүргізген

В.Еңбек түбі-береке

С.Отбасымызбен таза ауаға шығамыз

Д.Спорт – денсаулық кепілі

2.Мәтіндегі негізгі тірек сөздерді белгіле. (Обозначь основные опорные слова в тексте).

А.Ғалымдар, қатысушылар, табиғатқа шығу

В.Дене жаттығулары, шұғылдану, денсаулық кепілі

С.Күнделікті, университет, қарапайым

Д.Студенттер, отбасы, шаруалар

3. Дене жаттығуларымен шұғылдануды әдетке айналдыруға не көмектеседі? (Что превратить занятия физическими упражнениями в привычку?)

А.Аз жаттығудан бастау

В.Ерте тұру

С.Уақыт болғанда айналысу

Д.Көп жаттығу жасау

anastasiiauski anastasiiauski    1   27.12.2021 14:13    0

Ответы
angelinochka345 angelinochka345  27.12.2021 14:20

1.Мәтінді түсініп тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. (внимательно прочитай текст и ответь на вопросы по данному тексту)

жауап - Үйдегі қарапайым шаруаларды жаттығу жұмыстарымен үйлестіріңіз.

1.Мәтіндегі негізгі ойды белгіле (отметь главную мысль текста)

Д.Спорт – денсаулық кепілі

2.Мәтіндегі негізгі тірек сөздерді белгіле. (Обозначь основные опорные слова в тексте).

В.Дене жаттығулары, шұғылдану, денсаулық кепілі

3. Дене жаттығуларымен шұғылдануды әдетке айналдыруға не көмектеседі? (Что превратить занятия физическими упражнениями в привычку?)

А.Аз жаттығудан бастау

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi