1.Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, төмендегі кестені толтырыңыз. Төрт түліктің пайдасы
Түйе - төрт түлік малдың ең қасиеттісі . Қазақ халқы түйені «дала кемесі» деген. Ол шөлге шыдамды, көшкенде - көлік , жесе - ет, жүні - киім. Түйенің жүнінен бас киім, шапан не тек жамылғы көрпелер жасаған, аяққа басуға болмайды деп төсеніштер жасамаған. Түйенің шудасын, сүтін емге пайдаланған. Сүті қою, құнарлы. Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ, т. б. жасаған.

Сиыр үйдің берекесі , айран-сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй кедей үй деп есептелген. Ертеде сиырдың терісінен ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.

Қой - төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі. «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деген қазақ атамыз. Өзі өсімтал, сүті майлы әрі жұғымды, қонақ асы. Қой мен ешкінің иленген терісін түрлі сырт киім мен аяқ киім тігуге пайдаланған. Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп , баулар жасалады, кілемдер, текеметтер тоқылады. Қазақ халқы қой мен ешкіні «уақ мал» деп атайды.

Ешкі - өте өсімтал мал. Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті өте құнарлы. Ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асыраған. Ешкінің серкесінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Ешкі жеңілтек мал деп есептелген, мінезі ұшқалақ, шы «ешкі құсап селтеңдеп» деп ешкіге теңеп отырады. Тағы ешкінің жүнінен жылы әрі жұмсақ түбіт орамалдар тоқиды.

Жылқы - қазақтың қасиетті малдарының бірі. Ат - ер қанаты. Жылқы жүйрік, әрі өте төзімді мал, оны көлік ретінде пайдаланады. Қымызы ем, еті мен сорпасы қысты күні тоңдырмайды. Жылқының жалынан, құйрығынан арқан жіп есіледі, етінен қазы-қарта, жал-жая жасайды.

Төрт түлік
Пайдасы
Еті мен сүтінен ...
Жүні мен терісінен

жасалады
...

жасалады

Түйе

Жылқы

Сиыр

Қой

Ешкі

Вкуснаяводичка Вкуснаяводичка    3   01.03.2021 12:46    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi