1 Мәтінді оқып, тыныс белгілерін қажетті жерге қойыңдар . Қонақ қабылдау дәстүрі
Қазақ отбасында ерекше тән абзал қасиеттің бірі ежелден келе жатқан қонақжайлылық. Қандай жағдай болса да құдайы қонақпын деп келген адамды жылы шыраймен қарсы алып, шамасы келгенше сый құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы. Қонақ болу үшін оның таныс болуы шарт емес. Әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінде қонақасыны бөлінбеген еншім деп талап етуге еркі болған.
Қазақ Қыдырдың бірі Қыдыр дейді. Мұнысы қонақты қума оның шарапаты тиеді бірінен болмаса екіншісінен құт келеді деп есептегендіктен болса керек.
Қазақ отбасында балалар жастайынан қонақжайлылыққа тәрбиеленеді. Өйткені халық дәстүрі бойынша қонақасы берілген соң қонақтан әңгіме сұрайды өнерлі болса ән салғызып күй тартқызады ертегі қиссалар айтқызады. Қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар болады. А қонаққа үйір деп те қазақ тегін айтпаған. Өйткені әр қонақтан естіген жаңалықтарын есіне сақтай білген жастың өмірдегі білуі түсінуі кеңейіп дүниеге көзқарасы қалыптасады. Көптеген нақыл сөздерді пайдалы кеңестерді үйренумен бірге жаманшылықтан жиренуге де үйретеді. Олай болса қонақжайлылықтың тәрбиелік мәні де аз болмаған.