1. Мәтінді оқып, стилін анықтаңдар.Себебін түсіндіріңдер. Ғылым ақиқатты білу әдісі, адамның білім алуын жүйе-
леу және тексеру бағытындағы қызметінің түрі. Негізгі мақ-
саты - ақиқатқа жету; табиғат, қоғам, ойлау заңдылықтарын
ашу.
Ал таным дегеніміз не? Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ре-
тінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ор-
таны танып-білуге деген ұмтылысы. Адам айналасындағы дү-
ниені, әлемді танып-білу барысында олардың ішкі құпиясы-
на үңіледі, қасиеттерін анықтайды. Өзінің орнын, басқа адам-
дармен қарым-қатынасын белгілейді. Таным барысында адам
өзін қоршаған ортаны игереді, оның заттар мен құбылыстар
туралы жалпы мәліметі жүйелі, шынайы білімге айналады.
Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, руха-
ни баюы деп есептеуге болады.

Arseni01 Arseni01    1   03.05.2021 10:50    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi