1.Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап, мазмұндауда қолданыңыз. Ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырып, көтерілген басты мәселені

анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып,

дәлелдеңіз.

2. Мәтінінің басты идеясын анықтауға қатысты сөздерді тауып, пікіріңізді

білдіріңіз. Орындау барысында етістіктің етіс түрлері мен салт, сабақты етістіктерді

қолданыңыз.

[5]

1-мәтін

Қасиеттіқазақхалқыныңсалт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле

бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік

әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-

сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда

қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға »,

«тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері

қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім » деп

те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтейді . Анттасу.

Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық

тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды «Ант

атқан » деп жек көріп, «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?»» - деп,

кінәласады.

2-мәтін

Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен,

бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан

оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты

болсын айтады. Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап

келген адамдар туған -туысқандарына, көрші-көлемдеріне, дос-жарандарына ірілі-ұсақты

сыйлықтар әкеліп береді. Мұны базарлық деп атайды. Ол - жақсы көргеннің, сыйлағанның

белгісі.

Бастаңғы жасау. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас

қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып), немесе замандастарын

шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әртүрлі дәмді тағамдар жасап ішеді.

Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.

Көрісу. Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен

құшақтасып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда

да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұныкөрісудепатайды.


1.Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап, мазмұндауда қолданыңыз. Ақпараттарды шы

АрінаЛеснічая АрінаЛеснічая    2   18.03.2021 13:09    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi