1.Мәтінді оқып шығыңыз . Мәтіндегі детальді ақпаратты анықтап , мазмұндауда қолданыңыз . Ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырып , көтерілген басты мәселені анықтаңыз . Өз көзқарасыңызды жан - жақты тұжырымдап , мысалдар арқылы дамытып , дәлелдеңіз . 1 - мәтін Қасиетті қазақ халқының салт - дәстүрлері өте көп . Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ . Ат тергеу . Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет ғұрып . Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына , қайнағасына , қайнысына , қайын сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды . Мұны ат тергеу деп атайды . Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай : « Мырза қайнаға » , « бай атам » , « би аға » , « тентегім » , « еркежан » , « шебер шешей » , « ақ әже » , « сырғалым » , « шашбаулым » . Жеңгелері қайныларына әзілдеп , бойлары тапал болса « сұңғақтым » , жайбасар болса « жүйрігім » деп те ат қояды . Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке , Сәке деп құрметтейді . Анттасу . Жаудан кек қайтару үшін , адамдар бір - біріне деген адалдықтан айнымау үшін , еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт - дәстүр бар . Халық антын бұзған адамды « Ант атқан » деп жек көріп , « Уа , айтылған ант , серттескен уәде , алысқан қол қайда ? » » - деп , кінəласады дайте тжб