1. Мәтінді оқып, ойларыңды «Кластер» әдісімен түсіндіріңдер. Мә- тінде көтерілген мәселені талдап, бір-біріңнен сұхбат алыңдар.
Қазақ цирк өнері – сахналық-эстрадалық өнер саласы. Өз
бастауын көшпелі өмір салтынан, малшаруашылығымен бай-
ланысты тұрмыс-тіршілігінен алады. Ат құлағында ойнап
өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимыл-
дарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы,
әзіл-әжуа сөздермен көпшілік көңілін көтеру т.б. салт-жора-
ларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді. Мі-
ніс атын тек көлік ретінде пайдаланып қоймай, шабандоз-
дар оған сан алуан қозғалыс-жүрiстер (бөгет пен ордан секі-
ру, артқы екі аяғымен тік тұру, бір орында шыр айналу, жор-
ғалау, аяңдау, бүлкілдеп, желе жортып жүру т.б.) жасатқан.
Шауып келе жатып, ат үстінен найза, қылыш, шоқпар сер-
меп, садақ тарту, қарсыласымен жекпе-жекке түсіп, алысып-
тартысу, жау оғын дарытпау үшін оқыс еңкейіп, атының ба-
уырына түсу, жерге түсіп кеткен құралын ат үстінен еңкейіп,
іліп алып кету т.б. соғыс өнерінде қолданылатын әдіс-тәсіл-
дерді меңгеру жаугершілік замандағы ел қорғаны ерге тән
қасиет еді. Осыған орай ат үстінде орындалатын қимыл-жат-
тығулар қалыптасып, олар «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Көк-
пар» т.б. ұлттық ойындардың негізін қалады. Қазіргі цирк-
тегі ат ойындары өз бастауын осы ұлттық ойындардан алады.
Халық балуандарды, ауыр салмақ көтеретін алып күш
иелерін аңыз-әңгімелерге арқау етті. Өзі жерде жатып, үсті-
не тақтай төсеп, сонымен түйе жүргізетін, ауыр заттарды кө-
теріп, бұлшық ет ойнататын, белдесiп күш сынасатын өнер-
паздар әр аймақта болған. Қойны-қонышынан қас қағым сәт-
те әртүрлі заттарды (орамал, жұмыртқа, балапан т.б.) шыға-
рып, жұртты таңғалдыру секілді ойын түрлері де ерте заман-
нан қалыптасқан. Бұлар цирк өнерінің алғашқы нышанда-
рын білдіреді.
Астана циркі - ерекше үлгіде салынған бірегей құрылыс.
Цирк аренасы цирк өнерінің барлық талаптарына сәйкес жаб-
дықталған: мұнда акробаттарға арналған ұшу қондырғысы,

Nicalay Nicalay    3   02.12.2020 08:46    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi