1. Мәтінді оқып, ондағы мәліметтерді ауызекі сөйлеу стилінде әңгі- мелеңдер.
WALVW
ТМД елдері ішіндегі алғашқы мұхитбақ Астана қаласын-
да ашылды. Бұл – мұхиттан 3 мың шақырымнан аса қашық-
тықта жатқан әлемдегі жалғыз океанариум. Мүхитбақтың
сыйымдылығы 3 миллион литр. Мұхит суын әзірлеу үшін
120 тонна теңіз тұзы пайдаланылған. Әлемнің әр түкпірінен
теңіз жануарларының жүзден аса түрінің 2 мыңнан аса дана-
сы әкелінген. Мұнда арнайы жасалған 11 шақырымдық құ-
бырлар, 34 күшті сорғы, 6 құм сүзгісі, судың химиялық құ-
рамы мен мөлдірлігін қамтамасыз етіп тұратын су тазарт-
қыш мұхитбақ мекендеушілерінің тіршілік етуін қамтама-
сыз етіп тұрады. Мұхитбақ үлкен аквариумнан және әртүрлі
көлемдегі он бір аквариумы бар екі көрме бөлімінен тұрады.
Мұхитбақтың ең қызықты бөлігі - үлкен аквариум. Оның тү-
бінде жылжымалы жолмен жабдықталған 70 метрлік әйнек
өткел бар. Әйнегінің қалыңдығы – 7 см. Осы суасты өткелі ар-
қылы теңіз түбімен жыртқыш акулалардан қолсозым қашық-
тықта серуендеп жүре аласыз. Мұнда мұхитбақтың ең үлкен
pi - акулалар, алып теңіз алабұғасы және басқа
И ЛІЧЕК ИИ