1. Мәтінді оқып, негізгі ойын жазыңдар. — Ой, дала қараңғы болыпты. Қонақта көп отырдық, — деп, анасы әжесімен қоштасты.

— Жиі келіңдер. Мен сендерді күтемін, — деді әжесі. Әже немересінің бетінен сүйді.

Аспанда жұлдыздар жап-жарық. Аспанға жұлдыздарды шашып тастаған секілді. Аспанға

кішкентай шамдарды жағып қойғандай.

Алисаның қолында сүйікті ойыншығы Антошка клоуны бар. Алиса қараңғы аспаннан түрлі

фигураларды көрді. Фигуралар біресе жапыраққа ұқсайды, біресе ақ нүктеге ұқсайды. Ал мынау не?

— Мама, қарашы, аспанда үлкен ожау тұр, — деді Алиса. Ол қолымен аспанды көрсетті.

— Бұл Жеті Қарақшы шоқжұлдызы! Ол түнде адамдарға өз үйін табуға көмектеседі.

Ғалымдар жұлдыздарды зерттейді. Бұл кішкентай нүктелердің құпиясы көп.

— Бірақ жұлдыздар өте кішкентай ғой. Оларды қалай көреді?

— Әкеңе айт, ол сені обсерваториға апарады. Обсерваторияда үлкен дүрбі бар. Ол телескоп деп аталады. Телескоппен жұлдызды көруге болады. Ол жұлдызды үлкен етіп көрсетеді.

Жұлдыздар бізден алыста. Сондытан олар кішкентай болып көрінеді. Алиса таң қалды.

— Қолыңды бер, тез жүр. Әкең күтіп қалды. Аяғыңа қара, құлап қалма. Айнала қап-қараңғы.

Ештеңе көрінбейді. Алиса айналасына қарады. Анасына қолын беріп, тез жүрді. Жолда анасы жұлдыздар туралы айтты.

2-тапсырма. Мәтін бойынша «Кофе араластырғыш таяқшалары» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріндер.

1.Алиса мен анасы қайда болды?

2. Түнгі аспан қандай?

3..Алиса қараңғы түнде не көрді?

4.Аспаннан көрген фигураларды Алиса неге ұқсатты?

5.Жұлдыздарды қалай көруге болады?

6.Сен Жеті Қарақшы шоқжұлдызың көрдің бе?

mrgebil mrgebil    2   23.02.2021 10:11    0

Ответы
Durban1984 Durban1984  23.02.2021 10:20

Без понятия. Даже не знаю

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi