1.Мәтінді оқып, мәтінге сәйкес келетін ақпаратты тап Ас –адамның арқауы
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, «Ас – адамның арқауы»-деп, қадірлей білген. «Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды», «Астан үлкен емессің», «Ақты төкпе», «Нанды шашпа», «Ақ құйып шығару» деген мақал-мәтелдер мен ырым, тыйым сөздер осының дәлелі. Қазақтың дастарқаны қашанда ет, сүт, ұн, дәнді-дақылдардан жасалған тағамдарға бай. Әрине, олардың әрқайсысы адам ағзасы үшін пайдалы. Шынында, қазақ халқы асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Қазақ халқында дастарқан мәдениеті жақсы сақталып, дастарқан басында асқа байланысты мақал-мәтелдер мен ас қайыру батасы айтылып отырған. «Таңертеңгi асты қалдырма, түскі асқа телмірме, кешкi асты бақпа» – деп келетін тұрақты сөз тіркестері қазақы ортадағы дәстүрлі наным-сенімге негізделген ас қабылдаудың күнделікті тәртібін бейнелейді. Рас, жүйелі тамақтанбау және ағзаға сіңімді тағам пайдаланбау адам денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Меніңше, қазақ халқының тамақтану ережесі туралы көптеген ұлағатты сөздері медицинада дәлелденген.
Ас – адамның арқауы, дұрыс тамақтану күніміздің сәтті өтуінің кепілі
( : 1)
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген.
Медицинада тамақтану ерекшелігіне үлкен мән береді.
Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан.
Адам ағзасына дәнді дақылдардан дайындалған тағамдар өте пайдалы