1. Мәтінді оқып, мәтіндегі екі сөйлемге үш түрлі нұсқада сұрақ дайында. задайте вопрос в трех разных вариантах на два предложения в тексте.
Үлгі: Қарағанды қаласы 1934 жылдың ақпан айында құрылған.
• Қарағанды қаласы қай жылы құрылған?
• Қарағанды қаласы 1934 жылы құрылған ба?
• Қарағанды қаласы қай айда құрылған?

Қарағанды қаласы-апқан айында 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды.Алып жатқан жерінің аумағы (577км²). Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Сарыарқының ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, жазда тартылып қалатын Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналасқан. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ұзақ, боранды, жазы ыстық, құрғақ, аңызық желді. Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді. Қала шегінде күңгірт-қоңыр топырақ тараған. Қараған, тобылғы, әр түрлі шөп, сұлыбас, т.б. дала белдеміне тән өсімдіктер өседі.
Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н.Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды.

LopsterId1236543 LopsterId1236543    2   16.10.2020 12:42    25

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi