1. Мәтінді оқып, мәтін бойынша күрделі жоспар құрыңдар.
Қазақстанның Халық Қаһарманы, атақты партизан
әрі жазушы Қасым Қайсенов 1918 жылы сәуірдің
23-інде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында
дүниеге келген. 1934 жылы мектепті бітіріп, Өскемен
қаласындағы саяси-ағарту техникумына түседі. Тех-
никумды 1938 жылы бітірген соң, Павлодар облыстық
оқу бөлімінің саяси-ағарту істері жөніндегі нұсқау-
шысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына
шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.
1941 жылы Мәскеудегі барлаушылар мектебінде
соғыс өліптерін меңгергеннен кейін, Қасым Қайсе-
новті жау қолында қалған Украина жеріне жібереді.
Жау жайлаған елге ұшақпен келіп түскен сәттен бастап Қасымның парти-
зандық өмірі басталады. Ол Украинада «Василий, Вася» деп атанып кетеді.
Ол кезде Украина жеріне аттану ажал аузына барумен тең болатын. Қазақтың
қас батыры Қасым Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші
отрядын басқарады. Бұрын қазақ деген халықты көрмек түгіл, атын есті-
меген алуан түрлі ұлттардың арасында жалғыз өзі жай оғындай жарқылдап,
қазақтың батырлығын сан мәрте дәлелдеп, еліміздің абыройын асқақтат-
қанын мақтанышпен айтуға болады.
Кеңес жері фашист басқыншыларынан азат етілген соң, 1945 жылдың
басында ол Отанына оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының
аппаратын басқарды. Содан кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов
аудандарында атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін
атқарады. Қаламгер-партизан «Илько Витряк», «Ажал аузынан», «Жау
тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Жас партизандар» деп
аталатын кітаптар жазып, кейінгі ұрпаққа шығармашылық мұрасын қалдырды