1. Мәтінді оқып аударыңыз. Прочитай, переведи текст. ПЕРЕВОД НЕ НАДО, ТОЛЬКО 2 ЗАДАНИЕ
Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған.
Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді: спорттық және ақыл-ойға арналған ойындар. Спорттық ойындар: қыз қуу, көкпар, ақсүйек, арқан тартыс т. б. Ақыл-ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ, асық ойындары жатады. Бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым-қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді.
Бос уақытта әртүрлі ойындар ойнаған баланың денсаулығы үшін өте пайдалы. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады.
Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі.
2. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып жазыңыз. (7 сұрақ). По содержанию текста составь вопросы и напиши. (7 вопросов)