1.Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Жазғы олимпиада ойындары 1896 жылы басталса, араға 28 жыл салып қысқы олимпиада ойындары өткізіле бастады. Алайда Скандинавия елдері қысқы Олимпиадалық ойындар өткізуге қарсы болды. Олар қысқы спорт түрлерін өздерінің ұлттық ойыны деп санады. 1924 жылы Францияның Шамони қаласы тарихта тұңғыш рет қысқы спорт түрлерінен апталық өткізді. Апталыққа Австрия, Бельгия, Ұлыбритания бастаған 15 мемлекет қатысты. Сондай-ақ Швейцария, Швеция сынды қысқы спорт ойындары дамыған елдердің танымал спортшылары бұл жарысқа толық құрамда келді. Спорттың 5 түрінен 14 орын сарапқа салынды. Бағдарламаға бобслей, шаңғы спорты, трамплиннен секіру, қоссайыс, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлері енді. Алғашқы алтын медальді АҚШ спортшысы Ч. Джутроу иеленді. Ол 500 метр қашықтықтағы коньки жарысында бірінші болып келді. Осы спорт түріне бөлінген 15 медальдің 14-ін Финляндия мен Норвегияның спортшылары қанжығасына байлады. 1500 және 5000 қашықтықта Олимпиада рекордын жаңартқан фин спортшысы К. Тунберг коньки жарысының ең үздік ойыншысы атанды. Шаңғы спортының барлық түрі бойынша Норвегия спортшылары жеңіске жетті. Сол кезде Әлемнің ең үздік шаңғышысы саналған Норвегиялық Т.Хауг 3 алтын және 1 қола медаль алды. Командалық есепте Норвегия спортшылары 4 алтын, 7 күміс, 7 қола, жалпы 18 медальдің иегері атанып, айқын басымдықпен жеңіске жетсе, Финляндия спортшылары жалпы 9 медальмен екінші, АҚШ спортшылары жалпы 3 медальмен үшінші орынға тұрақтады. 1924 жылдың 25 қаңтары мен 4 ақпан аралығында өткен осы апталыққа Еуропа мен Американың 16 мемлекетінен 293 спортшы (13-і әйелдер) қатысты.
Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Мәтінге қандай тақырып қоюға болады?
2) Мәтіннің негізгі ойы не туралы?
3) Қандай негізгі ақпараттар айтылады?
4) Қандай қосымша ақпараттар айтылады?
5) Скандинавия елдері қысқы олимпиада ойындарын өткізуге неліктен қарсы болды?
6) Қысқы олимпиада ойындары спорттың қандай түрлерінен өтті?
7) Жазғы және қысқы олимпиада ойындарының қандай айырмашылығы бар?
ответ
1 Тақырып олимпиада
2 Мәтіннің негізгі ойы олимпиада туралы
3 Негізгі ақпарат Алғашқы алтын медальді ақш спортшысы Ч. Джутроу иеленді.
4 Қосымша ақпарат жазға лимпиада ойындар 1896 жылыбасталса, араға 28 жыл салып қысқы олимпиада ойындары өткізіле бастады.
5Скандинавия елдері қысқы Олимпиадалық ойындар өткізуге қарсы болды. Олар өйткені қысқы спорт түрлерін өздерінің ұлттық ойыны деп санады.
6 Бағдарламаға бобслей, шаңғы спорты, трамплиннен секіру, қоссайыс, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлері енді.
7 жазда өткені қыстағыдай ойындар өткізілмейді ал қыста жаздағыдай ойындар өткізілмейді
Объяснение: