1.Мәтін Таза бұлақ

Үш жолаушы бір бұлақтың ба-
сында бір-біріне кез бопты. Бүлақ
бір тастақ жерден шыққан, айнала-
сы қалың біткен ағаш жапырақтары
бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай,
салқын, шыныдай жылтылдап түр-
ған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су
шыққан жеріне бір қазандай тасты
біреу ойып қорғаныш қылып, тастың
суағар жеріне жазу жазыпты:
- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақ-
тай бол, - деп. Манағы үш жолаушы
бұлақтан ішіп қанған соң жазуды
оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұ-
лақ күн-түн тынбай ағып, алыс жер-
лерге барады, бара-бара кеңейіп, үл-
кейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып,
сөйте бара үлкен өзен болып кетеді.
Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тын-
бай қызмет қыл, еш уақытта жалқау-
ланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырын-
да, сен де зорайып мұратыңа жетесің
дегені ме деп білемін, - деді...
Жігіт айтты: - Менің ойыма бөтен
бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы
бір орында тынып тұрып, шөп-ша-
лам түсіп, лай-қоқым болса, бұған
адам мен айуан мұнша ынтық болмас
еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып та-
заланып тұрғаны үшін ынтық бола-
ды. Олай болса, жазудың мағынасы:
көңіліңді, өз бойыңды осы бұлақтай
таза сақта дегені ме деймін, - деді.
(Ы. Алтынсарин)

болымсыздық есімдігін табу​

Mawamawa00 Mawamawa00    2   18.01.2021 13:31    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi