1-мәтін мен 3-мәтіннің басқа мәтіндерден басты айырмашылығын анықта. І . Осы жиынға екі жолдасынан бұрын түскен Абай көп ішінен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып: - й, шырағым балам, әуелі аржағыңда әкең тұр ... Сәлем бер! - деді. Абай сонда барып, анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісімен әңгімелесіп тұрған әкесі Құнанбайды көрді. Ыңғайсыздықтан қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды. ІІ . Байтас пен Жұмабай, Абай - үшеуі жамырай сәлем берді. Құнанбай тез бұрылып сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Баласын қасына да шақырмады. Абайға қарап алып: - Балам, бойың өсіп ержетіп қалыпсың-ау! Бойыңдай боп білімің де сті ме? - деді. Шынымен, жай білгісі келгені ме әлде астарлы ойы бар ма? Бала ес білгеннен бері әкесінің қабағын танып өскен. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезін білетін ол сабырлы пішінмен: - Шүкірлік, ке, - деді, - ат баран соң, дәріс тамам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым, - деді. Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл ерте әзірлеген жауабы еді. ІІІ . Кезек өз шешесіне келгенде, қатты бір қысып, бауырына басып, маңдайынан иіскеді. Бірақ бауырына басқанның өзінде Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы! .. - Әжее бар, әнеки! - деп үлкен үйге қарай бұрып жіберді. Кәрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен. - Жаман неме, мені есіңе алмай, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме! - асына, құшағына немересі барғанда, «жаман неменің» артынан лезде: - арашығым, қоңыр қозым ... Абайжаным ... - деп кемсеңдеп, жылауға айналды. (М. Чуезов «Абай жолы» үзінді) ІY . Қарт десе, шаңырағына құт-дарытып от берерған ақ сақалды ата мен ақ жаулықты әже елестейді. Өкінішке қарай, перзент атаулының бәрі ата-анасын алақанына салып аялап отырған жоқ. Өзін дүниеге әкеліп, ұйқысын төрт бөлген анасын, мойнына мінгізіп еркелеткен әкесін қартайғанда өзектен тепкен қатігез балалар да жетерлік. Болмаса, үй-күйі жоқ қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында 1950-60жылдары құрылған мекемелер қуатты ұлы бар ақсақалдың, дәулетті қызы бар кейуананың құтты мекеніне айналар ма еді ?! (Анар Лепесова «Тркістан» газетінен) Ана тәрбиесі Қарттар Ата-ананы аялау Әкені құрметтеу