1-мәтін Дәстүрлі қазақ коғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халыктын мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Кыдыр аралайды. Ұлыс күні казак елі үшін әрқашан касиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдын ер адамдары бір-бірімен кос колдасып, кағыстырады, әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оның сүр еттен әзірленуі- қыс тағамымен (етпен) коштасуды, құрамына актың қосылуы жаз тағамымен (сүт, ак) кауышуды білдіреді. Осы күні адамдар арам ойдан, арам ниеттен тазарады. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, кыз куу алтыбакан, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан танды қарсы алады. 2-мәтін Әлемдік тарихтан ерекше орын алған, 300 миллионға жуық халықты бір қазанға біріктірген Кеңестер Одағы 1926 жылы Наурыз мерекесін «ислам дінінің қалдығы» деген сылтаумен мемлекеттік деңгейде тойлауға тыйым салды. 1988 жылы Наурыз тойы 62 жылдық үзілістен соң, тұңғыш рет Алматыны М.Горький атындағы орталық саябағында 100 мыңнан астам адамның қатысуыме тойланды. Осыдан кейін Қазақстанның барлық шаруашылықтары, өндіріс мекемелер жоғары оқу орындары, мектептері, тіпті, ауруханаларға дейін айтулы мереке өздерінше үсті-үстіне атап өтіп жатты. Сол жылы Наурыз мейрамы қыркүйек айына ортасына дейін тойланды. Наурыздың арғы-бергі тарихында мұндай ұзақ, мұнд құштарлықпен өткен мереке болмаған.

1-2. 1-2-сөйлемдерді А-дан D-ға дейінгі сөйлем соңымен байланыстырып, тиісті нұсқаны қойыңыз (сөйлем соңын аяқтайтын 2 фраза артық берілген).

1) Наурыз мерекесі күні
2) Мереке дінмен байланысты деп,
А)таң ерте атады.
B) жақсы тілектер айтылады.
С) оны атап өтуді тоқтатады.
D)тек Алматыда ғана тойлайды.

3. Екі мәтінге ортақ тақырыпты анықтаңыз.
а) Қайта жаңғырған мереке
b) Танды қарсы алу мерекесі
c) Ең ұзақ тойланған мереке
d) Наурыз мерекесінің тарихы [1]

4. Екінші мәтінге қатысты ақпаратты белгілеңіз.
а) Наурыз мерекесі алты ай бойы тойланды.
b) Наурыз мерекесінде наурыз көже əзірленеді.
c) Жыл басы Наурыз мерекесі болып есептелген.
d) Мерекеде ұлттық құндылықтар насихатталады.

Sam223225 Sam223225    3   12.03.2022 09:35    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi