1. Мәтін бойынша 5 сұрақ құр. Ақпараттық технологиялар
Ақпараттық технологиялар (АТ) – ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тарату үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығы. Ақпараттық технологияның мақсаты – ақпаратты талдау және оның негізінде қандай да бір іс-әрекетті орындау бойынша шешім қабылдау үшін шығару. Ақпараттық технологияның құралдары ретінде бағдарламалық өнімдердің кең таралған түрлері қолданылады: мәтіндік процессорлар, баспа жүйелері, электрондық кестелер, деректер қорын басқару жүйелері, электрондық күнтізбелер, функционалдық мақсаттағы ақпараттық жүйелер. Байланыс құралдары, ақпаратты өңдеу, жинақтау және бейнелеу саласындағы адамзаттың жетістіктерін интеграциялау автоматтандырылған ақпараттық технологияларды (АТҚ) қалыптастыруға ықпал етті. Автоматтандырылған ақпараттық технологиялар барлық ақпараттық операцияларды автоматтандыру дәрежесін арттыруға бағытталған, демек, қоғамның ғылыми-техникалық прогресін жеделдетуге бағытталған.