1. Құлагерді алғаш көргендегі халықтың сыны мен Күреңбай сыншының бағасын салыстырып, өз қиялымыздағы Құлагерге сипаттама берейік.
Құлагерді алғаш
көргендегі халық-
тың бағасы қандай?
Күреңбай таныған
Құлагер қандай?
Менің ойымдағы
Құлагер​

teodor16090 teodor16090    2   18.01.2021 07:58    1

Ответы
roksi100200 roksi100200  17.02.2021 07:59

Халық құлагерді алғаш көрген кезде "Осы ма,Құлагерің?Кәдімгі жылқыдан ерекшелігі жоқ .Салпы ерін,сала-сүйек,салбыр тірсекті,қаншыр мойын,бітімі-ойқы-шойқы келген,сиыр сүйегіндей қиқы-жиқы.Осы ма аты шыққан Құлагер деп ел жұрт күліп жатты.

Күреңбай таныған Құлагер қандай?

"Құлагер-өрен жүйрік,бітімі біркелкі,аяқ,бақай тұяғы Көкшетаудың тасындай қатты,басы шағындау қамыс құлақты,бұлан мойынды,қоян жонды,тік аяқты,түлкі төсті,құйрығы құндыз терісіндей жылтыр,бабы әбден келіп тұр екен"-дейді қарт.

Менің ойымдағы Құлагер

Мен ойлаған Құлагер басқаша.Маңдайы кең, иегі сүйір, қабақ сүйегі үлкен және шығыңқы етсіз, жон арқасы жалпақ, қарны, көк еті және бұлшық еттері буылтық, омырауы салпы, төрт тұяғы дөңгелек,мойын бітімі сопақша, екі құлақтың қалқанша ұшы жұқа, сан етінің төменгі жілікпен тұтасқан буыны және бақай сүйегі жіңішке,екі құлағының түбі етті, құйрығы мен шат сүйегінің тұтасқан жерлері жуантық және қабырғасының аражігі қалың,сондай бір жылқыға тән сипаттың бәрі осы Құлагерде бар деп ойлаймын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi