1. Кестені толтыр. 2010 жылы Алматыда «Жаңа Жібек жолы: ұлы дәстүрден туризм мен ынтымақтастықтың қазіргі озық үлгілеріне» атты екі күнге созылған форум болды. Бұл форумға «Жібек жолының» бойында орналасқан 25 ірі қаланың мэрлері қатысты. Форумда аймақтық туризмді, өзара ынтымақтастық пен ықпалдастықты дамыту, оны одан әрі жетілдіру туралы айтылды. Форумда аймақтық туризмді дамытудағы кедергілер де сөз болды. «Жібек жолы» бастамасының негізгі мақсаты — сауда, инвестиция және туризм салаларында Орталық Азия мемлекеттері мен Қытайдың экономикалық интеграциясы және аймақтық қарым-қатынасын тереңдету. «Жібек жолы» қалаларының әкімдері бас қосқан алғашқы форум 2006 жылы Ташкентте, кейін Қытайдың Ланьчжоу қаласында өткен болатын. Форумға «Жібек жолы ның» құрамына кірмейтін елдер де қатысты. Олардың арасында Иран, Корея, Жапония, Ресей және басқа да мемлекеттер бар.

Не? Қандай? Не істеді?

ПОМГИТЕ

Ангел23324556 Ангел23324556    2   09.02.2021 15:33    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi