1.Күрделі сан есімді тап. А) мыңдап В) елулерде С) жүз Д) екеу Е) екі бүтін оннан үш 2.Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды? А) он- оннан В) отыз қырықтарда С) екеу үшеу Д) төрт мың Е) үш төрт 3.Сан есімнің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі не? А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш 4.Шығыс септігінде тұрып,пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы? А) есептік В) реттік С) жинақтық Д) бөлшектік Е) топтау 5. «-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді тап. А) екі В) он сегіз С) жиырма алты Д) он Е) мың 6. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған? А) X –сынып В) 2004-жылы С) 24-қараша Д) 1-інші үй Е) 3-алма алды 7. Баяндауыш қызметіндегі сан есімді тап. А) Той өтті үшеуімізді күрсіндіріп. В) Екі жастың қуанышы тойланды. С) Сіз бірінші орынға адамзаттың қара күшін қойдыңыз. Д) Екеуіне сүйсінумен өтермін. Е) Ән айтатын өнерпаздар—осы үшеуміз 8. Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған? А) 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген. В) Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды. С) Сағат 6 ға 10 минут қалғанда Азамат пәтерінен шықты. Д) 30-40-тай адам жиналған екен. Е) Біз 2-еу едік. 9.Күрделі есімдіктер қатарын тап. А) күллі,барша,тегіс В) өзім,өзді-өзі, өздеріңіз С) қашаннан? Қайсысы? Д) әркім, қайсыбір,ешқашан Е) мынау,осыңыз,соным 10.Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті тап. А) Олар жиналысқа түгел қатысты. В) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды. С) Оның ағасы ешкімге тиіспейді. Д) Бұлардың ойы іске аспады. Е) Барлық есті кісілер ертеңін ойлауға тиіс. 11.Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді тап. А) Ешкімге тіл қатушы болма. В) Саған тай сатып әперемін. С) Өзің үлкен,қылығың—бала-шаға. Д) Еріншектік—күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Е) Әрбір жинақылықтың түбі—кеніш. 12.Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін тап. А) кіміңіз? Несі? В) бұнысы,мынауымыз С) соның,анаған Д) өздерің,өзіңіз Е) барлығынан,бәрінің 13.Қай қатар есімдіктің бір мағыналық түріне жатпайды? А) әркім,кейбіреу,әлденеше В) олар,мен,бі С) кім, қашан, неше Д) біреу, ешбір,қайсыбір Е) бәрі,түгел,барша 14.Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын тап. А) Еш уақытта, еш қашан В) әлде кім,әр адам С) әркім,ешқайда Д) кей ағаң, кей біреу Е) бүгін,еш теңе 15.Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды. А) толықтауыш В) баяндауыш С) пысықтауыш Д) бастауыш Е) анықтауыш ЛЮДИ