1.«Күлтегін» жырының тақырыбын анықтаңыз. (1) А) әділдік
В) даналық
С) махаббат
Д) ел бірлігі

2.Өлең шумағында кімнің бейнесі сипатталған? (1)
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
А) Қазтуған
В) Есім хан
С) Жиембет
Д) Күлтегін

3.Берілген үзіндіде қазақ салт-дәстүрінің қай түрі көрініс тапқан? (1)
- Әуелеп ұшқан алты қаз...
...Алдыңнан шығып Сансызбай,
«Көкешім менің Төлеген,
Көрдің бе?» десе, не дейсің?
Сауытының көзі сетіліп,
Сынбай кетті дегейсің!
Баратұғын жеріне,
Жетпей кетті дегейсің!
А) сыңсу
В) жоқтау
С) естірту
Д) қоштасу

4.Берілген эпизодтағы Төлегеннің жолға шығу себебін анықтаңыз.
Базарбайдың Төлеген, Ерте туған көбеген. Сексен жігіт қосшы алып, Он бес жігіт басшы алып, Ақжайыққа жөнеген... (1)

А) Жібекті алып келу
В) Жар іздеу, қыз таңдау
С) Бекежаннан кек алу
Д) Ел шетіндегі жауды қайтару
5.Өлең шумағы кімнің сөзінен алынған? (1)
Адыра қалғыр көк Жайық,
Аңырап қалған қонысым!
Қонысымнан ауған соң,
Кетпегей еді ырысым.
А) Төлеген
В) Жиембет
С) Күлтегін
Д) Қазтуған

nastyak12119 nastyak12119    1   28.10.2020 10:35    21

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi