1 из 3 Күні       Сынып     Оқушының тегі, аты-жөні

7-сынып

«Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы» бөлімі бойынша

ЖИЫНТЫҚ БАFАЛАУ жұмысы

ОҚЫЛЫМ. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

   Ұлы Жібек жолы – мәдениет пен сауда жолы, Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған. Ұлы Жібек жолында, негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолы» тармақтары бойынша сауда жасалды. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында жасалған лазурит тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен байларына арналып жасалатын зергерлік әшекей бұйымдарға қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға апарылған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр елге апарылған. Біздің заманымызға дейін І мыңжылдықтың ортасында «дала жолы» пайда болды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды.  

   Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіретін қан жүйесіне ұқсас жұмыс істеді. Себебі ол бүкіл Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызады, ондағы халықтарды байланыстырады.

1. Берілген нұсқалардан тақырып бойынша 2 мәселені анықтаңыз.         [2]

А. Еуропа мен Азия халықтарын байланыстырады  

В. «Дала жолы» біздің заманымызда пайда болды

С. «Алтын жолымен» сауда жасалды  

Д. Мәдениет пен сауда жолы

2. Анықталған мәселені өмірмен байланыстырыңыз.                                   [2]

1-мәселе 

Өмірмен байланысы

2-мәселе 

Өмірмен байланысы

3. «Дұрыс, бұрыс» мәліметтерді  анықтаңыз.                                            [2]

Мәлімет

Дұрыс +

Бұрыс -

1. Ұлы Жібек жолында, негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолы» тармақтары бойынша сауда жасалды.

2. «Лазурит жолы» - Үнді, Қазақстан, Вавилон елдеріне Памир тауларында жасалған лазурит тасымалданатын жол.

3. Біздің заманымызға дейін ІІІ мыңжылдықта «дала жолы» пайда болды.

ЖАЗЫЛЫМ.  

1. Берілген коммуникативтік жағдаяттың  бірін таңдап, диалог (12-15 үнқатым) құрастырыңыз.                                                                                [7]                                                                                

2 из 3

· Алматыда тұратын досыңыз жазда Сізге Нұр-Сұлтан қаласына қонаққа келді. Ол Нұр-Сұлтан бойынша саяхат жасауды сұрады. Нұр-Сұлтан қаласындағы көрікті жерлер туралы толық ақпарат алғысы келеді. Нұр-Сұлтан қаласының әдемі жерлерімен таныстырып, сұхбат құрыңыз.

· Сіздің мектебіңізге атақты Олимпиада жеңімпазы Серік Сәпиев келді. Ол мектеп оқушыларымен кездесті. Сізге Серік Сәпиевпен сұхбаттасып, оның өмір жолы туралы ақпарат алу деген тапсырма берілді. Жеңіске жеткен жолын сұрастырып, чемпионмен сұхбат құрыңыз.  

2. Төменде берiлген тақырыптардың бірін таңдаңыз. Жaзылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлеріне сaй эссе жазыңыз.                 [7]

1) «Мен жақсы көретін спорт түрі ...»

2) «Қазақстан спортшыларының жетістіктері»

7-сынып бойынша эссе жазу құрылымы:

Эссе – 60-80 сөзден тұрады.

Кіріспе – 10-15 сөз

Негізгі бөлім – 35-45 сөз

Қорытынды – 15-20 сөз  

Сор по каз яз 7 класс 2 четверть ​

FUNNIAO FUNNIAO    1   12.12.2020 21:34    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi