1 из 2
«Физика» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
І нұсқа
1. Неліктен газдың қысымы сығылғанда артады, ал ұлғайғанда кемиді? [2]
2. а) Үстел үстінде массалары бірдей болатын кітаптар орналасқан. Қойылған кітаптардың қайсының қысымы ең аз? [1]

b) Бір кітаптың салмағы 0,3 Н, ал өлшемдері: ұзындығы 0,2 м; ені 0,15 м; ал қалыңдығы 0,02 м. Ә суретіндегі кітаптардың үстелге түсірген қысымын есептеңіздер. [2]
3. Көрсетілген мысалдардың қайсысында механикалық жұмыс атқарылады? [1]
A) үстелге кітаптың салмағы түсіп тұр
B) газ ыдыс қабырғаларына қысым түсіреді
C) спортшы штанганы көтереді
D) жаңбыр тамшысы төмен құлайды
Е) шар горизонталь бетте тыныштықта тұр
4. Қуаттың өлшем бірлігін көрсетіңіз [1]
А) Н В) Вт С) Дж D) Па
5. Салмағы 50 Н денені 120 см биіктікке көтеруге жұмсалған жұмысты анықтаңыздар. [2]
6. Дененің ауадағы салмағы 8 Н, судағы салмағы 5,5 Н. Кері итеруші күшті анықтаңыз. [1]
А) 13,5 Н B) 8 Н С) 5,5 Н D) 2,5 Н
7. Суы бар ыдыста 3 түрлі денелер қалқып жүр.

а) Үшінші денеге әсер ететін күштерді белгілеңіз. [2]
b) Денелердің қайсысына ең аз кері итеруші күш әсер
етеді? Жауабыңызды түсіндіріңіз. [2]
8. Гидравликалық престің кіші поршеньі 500 Н күштің әсерінен 15 см төмен түсті. Бұл
жағдайда үлкен поршень 3 см көтерілді. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді? [2]
9. Гафикте сұйықтықтың р қысымының h тереңдікке тәуелділігі бейнеленген.

а) Гидростатикалық қысымның тереңдікке тәуелділік формуласын жазыңыз. [1]
b) Кестені толтырыңыз. [1]
h, дм
1
2
3
4
5
2 из 2
Р, Па
с) Белгісіз сұйықтықтың тығыздығын анықтаңыз. [2]
физика тжб
За все всего