1. Иелік мәнді білдіретін сөзді белгілеңіз. а)Мекеме қала орталығында орналасқан.
б)Ернар анасымен бірге зообаққа барды.
в)Әсел құрбысымен бірге саябаққа кетті.
г)Оның саяжайы қаланың сыртында орналасқан.
2. Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсетіңіз.
а)ыдыс аяқ
б)ғалам тор
в)темір жол
г)дәрігерлік қызмет
3. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз. Әншінің дауысы көрермендерге ұнады.
а)Өнерпаздың
б)Жолсеріктің
в)Бақылаушының
г)Аудармашының
4. Бұрын орындалған әрекетті көрсетіңіз.
а)Нұрай ертең сынақ тапсырады.
б)Айбек қазір тест тапсырып жатыр.
в)Ол төрт пәннен емтихан тапсырған.
г)Қызметкер емтиханға дайындалып жүр.