1. Гүл-гүл жайнап жер, аспан, Гүрілдейді сайда өзен.
Гүл жазира жарасқан,
Гүлдерімен қай кезең?
3. Мұрыннан кеудеге өтеді,
Одан кері кетеді.
Өзі көзге көрінбейді,
Онсыз өмір сүрілмейді.
4. Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады.
2. Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын,
Сап-сары ғып қояды.
Жұмбақтардағы етістіктерді тауып, буын үндестігі бойынша талдаңдар.