1.Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз. А мәтіні
Хабарландыру

2018 жылдың 23 қарашасында Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамовтың 70 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш аясында орай «Қардағы көгершіннің ізі...» атты драмалық қойылымын тамашалауға шақырамыз!
Авторы: Ф.Бордон
Аударған: Тілектес Мейрамов
Режиссері: Т.Ахмет
Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театры.
Басталуы: сағат 14:00
Мекен жайы: Астана қаласы,. Ж. Омаров көшесі, 47-үй,
Келемін деушілерге есік ашық!

Ә мәтіні
Жәудір: Назерке, кешегі мектептегі хабарландыруды естідің бе?
Назерке: Қандай хабарландыру естімедім, Жәудір?
Жәудір: Тарих пәнінің мұғалімі біздіқаламыздағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында Д.Рамазанның "Абылайханның арманы" тарихи драмасына алып барады екен. Сен барасың ба?
Назерке: Сағат нешеде болады? Азанда ма?
Жәудір: 18:30-да басталады.
Назерке: Жоқ. Мен бара алмайм.
Жәудір: Неге бармайсың?
Назерке: Қойш, уақытым жоқ!
Жәудір: Ал мен бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, тарихымыздан сыр шертетін қойылымды тамашалап қайтамын.

Формасы

Жанры

Мазмұны

Стилі

Тілі

2.«Астана - елімнің жүрегі ме?» деген тақырыпта келісу не келіспеу эссесін жазыңыз. Жазба жұмысыңызда неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қажеттісін қолданыңыз. Эссеңізде Астана туралы өткен тақырыптардан нақты мысалдарды қолданыңыз.


bananchik9 bananchik9    1   12.12.2020 13:59    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi