1. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз. Жұмыстың көлемі шамамен 80 - 100 сөзден тұруы тиіс. Пікіріңізді қажетті деректермен дәлелдей біліңіз. А мәтіні
Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы
Туризм біздің елімізде қазіргі кезде өте қарқынмен дамып келеді. Ғалымдардың айтуынша, туризмге деген қызығушылық бұдан әрі дами береді. Көпшілік адамдар үшін туризм туған өлкені және шет мемлекеттерді тану құрамы ғана емес, сонымен бірге ол дене шынықтыру мәдениетінің негізгі, құраушы бөлімі болып табылады.
Қазақстан- туризмнің дамуына, өркендеуіне үлкен үлес қосатын мемлекет. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның жер бедері, климаты, географиялық белдеудің көптүрлілігі көз тартады. Осының барлығы туристерге демалыс түрлерін (теңізге шомылу, шаңғымен сырғанау, тауға жорықтар) таңдауына мүмкіндік береді.
Қазақстан территориясында көптеген ежелгі мәдени ескерткіштер, архитектуралық және тарихи ескерткіштер, қазіргі салынған Медеу мұз айдыны, Екібастұз энергетикалық кешені, Айша-бибі кесенесі бар. Адам қолынан туындаған осы ғажайып туындылар біздің мемлекетке келушілерді өзінің қайталанбастығымен таң қалдырады.
Туризм - демалыс күндері және мереке күндері өтілетін белсенді және танымдық демалыстың біріне жатады. Әрқайсымыздың бос уақытымыз - қоғамның игілігі болып табылады. Оны өзің үшін және қоғам үшін ұқыпты пайдалану керек. Автомобильдің гуілі, музыка, гитараның шуылы адамның көңіл күйіне зиян әсер етеді. Австриялық оқымыстылардың айтуынша, шуылдар адам өмірін 8-12 жылға қысқартады екен.
http://group-global.org/ru/node/44620
Ә мәтіні
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз