1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені берілген үзінділер арқылы түсіндіріңіз. Қ\с Шығармадан үзінділер Идеясы

1 «Ғажайып ертегілер еді... дүниедегі жақсылық атаулының бәрі-бәрі:ертік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір, адамға тән небір асыл қасиеттің барлығы сол Аянныі ертегілерінде болушы еді. Аян батырлық туралы ертегіні айтқанда, біз – алым-жұлым киінген қара борбай балалар, бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша ақыра шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді. Өмірімізде қосауыз мылтықтан өзге ештеңе көрмесек те, жарқ-жұрқ еткен көк семсер тұрғанда зеңбірек, пулемет дегендер айтар сөзге, көңілге олқы түсіп, ойыншық сияқты болып қалатын.»

2 « Сарысу іркілген атқораның іші тұншығардай қапас, тымырсық еді. Тастай қараңғы. Төбесіне ұя салған торғайлардың, олардың шырылдаған қызылшақа балапандарының үні құлақты тұндырады. Құжынаған шыбындардың ызыңы бір басқа. Қараңғылыққа көзім үйренгенше есік алдында тұрдым да, онан соң қабырғаны жағалап түкпірге қарай жүре бастадым. Аяқ асты сазданып, басқан сайын шұрқ-шұрқ етеді. Түкпірге де жеттім. Аян қараңғы бұрышта біруыс боп бүрісіп, екі алақанымен бетін басып солқылдап жылап отыр екен. Ұзақ жылады. Онан соң көзін сүртті де, қорадан шықты. Сыртқа шыққан соң көрдім, көзі қып-қызыл боп кетіпті. Маған қарады да өз-өзінен жымиып күлді.»

zaxar3512 zaxar3512    2   02.03.2021 07:44    0

Ответы
Нрататоаооаоп Нрататоаооаоп  01.04.2021 07:45

1-тапсырма

1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені берілген үзінділер арқылы түсіндіріңіз.

Қ\с Шығармадан үзінділер Идеясы

1 «...- Ертеде бір жетім бала бопты… - деп Аян екінші ертегісін бастады.

Сыбырлай шыққан даусында өз айтқанына қалайда қалтқысыз сендіретіндей керемет бір күш бар.. Ғажап ертегілер еді… Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян батырлық туралы ертегі айтқанда, біз - алым-жұлым киінген қара борбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді..»

2 «..Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай сыбырлап қана:

− Аян балалар үйіне кеткелі жатыр,- деді.

− Қарағым, жолың болсын,- деді жыламсырап.- Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң тауып келерсің әлі...

Аян балалардың бәрімен қол алысып қоштасты.

− Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын,- деді күлімсіреп.

Біз, балалар, Аянды кеп уақытқа дейін еске алып, сөз қылушы едік.

Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді. Ал тірі болса Жусандытөбеге бір оралмауы қалай?! Жусанның иісін сағынбауы мүмкін емес қой»

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi