1.“Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз. A) Биік сезім.
B) Биік тау.
C) Биік ой.
D) Биік тұлға.
E) Биік сөз.
2.Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.
Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.
A) Ниетің.
B) Қисық.
C) Болса.
D) Ағайынға.
E) Өкпелеме.
3.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Тұмау аяғы – құрт, тұман аяғы – жұт.
B) Самат аяғын ауыртып алды.
C) Ол науқасынан айығып кетті.
D) Жел күшейе түсті.
E) Ол аяғын созып жатыр.
4.Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.
Бұлақтың көзін ашу – игі іс.
A) Бұлақтың.
B) Көзін.
C) Ашу.
D) Игі.
E) Іс.