1) берілген тағам түрлеріне сипаттама беріңдер, әрқайсысына мысал келтіріндер: салқын тағамдар, ыстық тағамдар, сүт тағамдары, түрлі сусындар

Kachelda Kachelda    2   14.06.2019 06:00    9

Ответы
кирилл2434 кирилл2434  10.07.2020 22:43
Қазақтың дәстүрлі салқын тағамдары — дені ет өнімдерінен дайындалатын тағамдар; мысалы, өсіп,бұжығы, қазы, қарта, жал, жая, піскен өкпе, бауыр, сүр ет, құйрық-бауыр, ішек қарын секілді салқын тағамдар.Ұлттық дастарқанымыздың сәні. Оның үстіне бүл тағамдар ыстық күйінде де, салқын күйінде де тұтыныла беріледі. Қазір салқын тағамдар түрі күн сайын көбейіп, молайып келеді. Көптеген салқын тағамдардың құрамына көкөністер, көктер, дәмдеуіштер енеді. Ал олар витаминдердің, минералды тұздардың бірден-бір көзі болып табылады.

Сүт тағамдары
Айран. Қатық. Қойыртпақ. Шалап. Шұбат. Қымыз. Қорықтық (тасқорықтық).  Балқаймақ.  Кілегей. Қаймақ.  Құрт.  Сары май. Сүзбе.  Уыз.  Іркіт.  Ақ ірімшік. Қызыл ірімшік.
Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы  алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып,  қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2  сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi