1. Берілген сұраққа жауап жазыңыз )пишите ответ на вопрос с текста Қуат көзін үнемдеу қандай мәселеге айналды?
[1]
2. Мәтін мазмұнына сай 1 дұрыс (+) ақпаратты белгілеңіз.
Ақпараттар + дұрыс - бұрыс
А Шамды күніне 4,5 сағаттан артық қосуға болады
В Тоққа қосылып тұрған құрылғы энергия тұтынады
С Электр үнемдейтін шамдар жоқ
[1]
3. Бос орынға қажетті сөз тіркесін қойып, сөйлемді толықтырыңыз
(дополнить предложение используя слова с верху)
/ қоқыс қапшығы, ұялы телефон, кәдімгі лампа, теледидар/
Тоқты үнемдеуде және басқа құрылғыларды, зарядтағыштан
үнемі ажыратып отырыңыз.
[1]
4. Сөйлемдегі асты сызылған сөздің синонимін анықтаңыз. (Найдите
синоним к подчеркнутому слову)
Қазіргі кезде қуат көзін үнемдеу керек.
[1]
5. Мәтіннен негізгі бір сөйлем жазыңыз( выпишите из текста одно
основное предложение который раскрывает смысл текста)
Текст:
Тыңдалым
Қуат көзін үнемдеу
Қазіргі кезде қуат көзін үнемдеу – жаһандық мәселеге айналды.
Әрбір азамат электр қуатын күнделікті тұрмыста үнемдей алудың
алғышарттарын білуі қажет. Бүгінде электр үнемдейтін шамдар көп
кездеседі. Электр тоғын аз тұтынатын шамдар, қызу лампасынан 5-есе аз
энергия жұмсайды. Мұндай шамдар кәдімгі лампадан қарағанда 8 есе ұзақ.
Шамды күніне 2, 5 сағаттан артық қосуға болмайды.Тағы бір ескеретін
жайт, егер сіздің қосқышыңыз жарықты күшейтіп, азайтатын реттегіші болса
да шамға зиянды.
Токты үнемдегенде ұялы телефон, ноутбук секілді құрылғылардың
зарядтағышын токтан үнемі ажыратып отырыңыз. Өйткені, тоққа қосылып
тұрған құрылғы энергия тұтынады. Басқа жаққа бірер күнге кетер болсаңыз,
шамды өшіріп қана қоймай, розетканы теледидардан, тоназытқыштан,
DVD-ойнатқыштардан ағытып кетіңіз. Олар тоққа қосылып тұрса, аз да
болсын тоқ қуатын шығындап отырады. Тағы бір кеңес, шаңсорғыштың
қоқыс қапшығын және фильтрін дер кезінде ауыстыру қажет. Себебі, бітеліп
қалған немесе шаңға толған қоқыс қапшықтан шаңсорғыштың жұмысы
ауырлап, қалыпты нормадан көп қуат жұмсайды. Осы кеңестерді дер кезінде
орындасақ, қуат көзін үнемдеуге үйрене аламыз.