ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ, Республиканың флорасы жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан астам түрлерін қамтиды, соның ішінде 90%-ға жуығы орман қоры болып есептелінеді. Әсіресе тек Қазақстан жерінде ғана кездесетін ағаш түрлері (мыс., Шренк шыршасы, т.б.) өте бағалы. Республиканың жер қорының 60%-ға жуық жері өсімдік жамылғысымен қамтылған. Қазақстан жерінің орманды алқабы шамамен 3,8%-дай болса, кейбір облыстарда (Ақтөбе, Жезқазған, т.б.) бұл көрсеткіш 0,1%, ал Шығыс Қазақстан, Сол түстік Қазақстан облыстарында 14%, кейде одан жоғары болады. Орман қорының ауданы 24,3 млн. га, оның ішінде бұл жерлердің 50%-ынан астамы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының пайдалануына берілген.