1. Ашық дауыстыларды анықта.

А) О,Ө,М,У.В) Ы,І,О,Ө.С) А,Ә,О,Ө,Е.Д) Ә,Ө,О,І.

2. «ң » әрпі жазылатын сөзді белгіле.

А) Сана.В) Бұрынғы.С) Көніл.Д) Концерт.

3. Тасымалдауға келмейтін сөздерді көрсет.

А) Қала,қауын,орман.В) От,бұлт,ата,ою.С) Кеше,қиын,жуын.

Д) Бөлтірік,ауыз,жауын.

4. Дыбыс үндестігіне сай дұрыс жазылған сөзді көрсет.

А) Досжан,сөзсіз.В) Дозжан,сөззіз.С) Дожжан,сөссіз.Д) Дошжан,сөсіз.

5. Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді ата.

А) Қысқарған сөз.В) Күрделі сөз.С) Біріккен сөз.Д) Қос сөз.

6. Қысқарған сөздерге қосымшалардың жалғануын көрсет.

А) Үтір қою арқылы.В) Бірге жазылады.С) Бөлек жазылады.

Д) Сызықша қою арқылы.

7. Синоним сөздерді белгіле.

А) Кәрі,қарт,қария.В) Биік,аласа.С) Қате,дұрыс.Д) Ата,әже.

8. Туынды сөзді анықта.

А) Тәрбие,таулы.В) Құрылысшы,көңілді.С) Жыр,төрле.Д) Еңбек,тәрбиеші.

9. Сөздерді құрамына қарай ата.Су,аң,шекара,кеш,ән.

А) Түбір сөз.В) Туынды сөз.С) Дара сөз.Д) Күрделі сөз.

10. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді тап.

А) Бөлмелер.В) Дәрігермін.С) Ұшаққа.Д) Бейбітшілікті.

11. I-II жақ тәуелдеулі зат есімдерге барыс септікте қандай жалғаулар жалғанатынын көрсет.

А) -нда,-нде.В) -на,-не.С) -а,-е.Д) -ны,-ды.

12. Туынды зат есімнің жасалуын анықта.

А) Жалғау жалғану арқылы.В) Жұрнақ жалғану арқылы.

С) Туынды зат есім болмайды.Д) Жалғау,жұрнақ жалғану арқылы.

13. Шығыс септікте тұрған сөзді анықта.

А) Терезені.В) Кітаптар.С) Киімін.Д) Шегірткеден.

14. Бірінші сыңары сын есім,екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін көрсет. А) Екі бала.В) Тұнық су.С) Сегіз жыл.Д) Тез оқу.

15. Есептік сан есімді реттік сан есімге дұрыс айналдыр.

А) Төртеу сынып.В) Төртінші сынып.С) Төрт сынып.Д) Сынып төртеу.

16. Күрделі етістікті белгіле.

А) Айтып отыр.В) Сөйледі.С) Жауды.Д) Жап.

17. Сөйлемге тиісті тыныс белгіні тап. Мұзайдында коньки тебу қандай тамаша

А) Нүкте.В) Леп белгісі.С) Сұрақ белгісі.Д) Қос нүкте.

18. Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлеміндегі баяндауышын тап.

Қарлығаш төмен ұшса,күн жауады.

А) Ұшса.В) Жауады.С) Төмен.Д) Күн.

19. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін анықта.

А) Анықтауыш.В) Толықтауыш.С) Бастауыш,баяндауыш.Д) Пысықтауыш.

20. Қыстырма сөздерді белгіле.

А) Амал қанша,бәсе.В) Қысқасы,кездестір.С) Кім біледі,кекшіл.

Д) Жетпіс,кім білсін.

leravalera228 leravalera228    3   20.04.2021 07:39    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi