1. Алып-Ер Тұнға – аты аңызға айналған тарихи тұлға ,түрік мемлекетін ұйыстырған көсем. Ол – біздің заманымыздан бұрынғы VII гасырда
өмір сүрген Тұран елінің әміршісі, көреген косемі, сақтар әскерінің
колбасшысы, ержүрек батыры, «Алып» — сақтармен ғұндар заманынан
бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып
айтылып келе жатқан мәртебелі есім.
2.Алып-Ер Тұңға – Иранның ұлы жазушысы Фирдоусидің «Шаһнама»
кітабына кейіпкер болған. Онда Афрасияп, Тұран патшасы болып
суреттеледі. «Тұран» — Тұр елі – түріктер елі деген сөз. Ол замандагы
түріктер Енесай мен Ертіс, Дунай бойлары, Ауғанстан мен Иран,
Сирия, Түркия жерлерін мекендеген. Көк Тәңіріне табынып, түрік
жазуымен жазған.
3.Алып – Ер Тұңға – тарихи адам. Акыл-айласымен, күшімен, айтса
сөзін өткізіп, тірессе жеңіп, елді – ел қылған батыр әрі көсем. Ол
қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау пыгарган. Сол жоқтау
ауыздан-ауызға тарап, одан ХІ ғасырда түрік ғалымы Махмұт
Қашқаридің «Түркіше сөздігіне» кірген, сөйтіп біздің дәуірімізге
жеткен.
4.Алып Ер Тұңғаның тарихи тұлғасы мен дастандағы әдеби бейнесі
жайында кезінде Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Хамза
Исфахани, Рашид әд-Дин т.б. аса құнды пікірлер айткан. Бұлардың бәрі
де дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тонғаны сақтар дәуірінде өмір
сүрген мемлекет қайраткері ретінде сөз етеді. Олар, әсіресе, Тұран мен
Иран арасындағы соғыста Алып Ер Тоңға өзін аса дарынды қолбасшы
ретінде танытканын ерекше атап көрсетіп отырады
5.“Алып ер Тұңға" дастанының негізгі идеясы – Тұран елін сыртқы
жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған
жердің абырой-даңқын арттыра түсу болып табылады. Бұл дастан
Алып Ер Тоңғаның қайтыс болып, бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау