1.Ғаламдық экологиялық мәселелер нешеге бөлінеді? 2.Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге не жатады
3.Арал теңізінің жағдайы қандай?
Бүгінгі таңда ғаламдық экология мәселелері ғаламдық, аймақтық және ұлттық мәселелер болып бөлінеді. Экологиялық қауіпті мәселелер: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әр алуандылықтың азаюы, қоршаған орта мен судың ластануы және т.б. Бұл мәселелер тек қана барлық мемлекеттің қатысуымен, Бүү-ң (Біріккен Ұлттар Ұйымы) басқаруымен ғана шешіледі. Қазіргі кезде экологиялық мәселелерге ауаның ластануы, жердің тозуы, мұнай қалдықтарының мұхит, теңіз суларын ластауы жатады. Теңіз, мұхит суларының ластануынан ондағы тіршілік көзі жойылады. Мәселен, балықтар мен итбалықтардың қырылуы. Осы мәселелердің алдын алу үшін мұнай өндіру құралдарына арнайы сүзгілер орнатылады. Ауаны тазартуқондырғылары орнатылады. Экологиялық мәселе біздің елімізде де орын алған. Арал та теңізінің суы тартылып, экологиялық апатты аймаққа айналды. Суы тартылып, теңіздің түбі құрғап қалды. Құрғап қалған теңіздің түбіндегі зиянды тұзды шаң желмен тарайды. Бұл тұздар ауаны ластап, қышқыл жаңбыр жауады. Экологияның әлемдік мәселеге айналуы ауаның ластануымен тікелей байланысты. Себебі ауада мемлекеттік шегара жоқ. Сондықтан атмосферадағы ауаны қорғау ғаламдық мәселеге айналып отыр. Қазір де экология мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, көптеген жұмыс жүргізіліп жатыр. Тіпті экологияны бұзғаны, ластағаны үшін айыппұл мөлшері де тағайындалып, экологияны қалпына келтіруге ерекше назар аударылуда. Сондыңтан, досым, өзіңнің болашағың үшін, ең алдымен, қоршаған ортаның экологиясына көңіл бөл!
Сверху вопросы ответьте и вот текст